Файзолла Қаменов 1960 жылы 30 қыркүйекте Ақмола облысы, Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
1982 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын "Автомобиль және автомобиль өнеркәсібі" мамандығы бойынша бітірген.
09.1982 - 11.1984 - КСРО Қарулы Күштері қатарында офицер болып қызмет етті. Украинаның Тернополь облысы, Кременец қаласында орналасқан 93260 әскери бөлімінде техникалық батарея командирінің орынбасары болып қызмет атқарған.
02.1985 - 10.1985 - Қорғалжын аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы.
10.1985 - 10.1986 - КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов қаласындағы БХСС жедел қызметкерлерін даярлау бойынша жоғары курсының студенті болды.
10.1986 - 09.1992 - Целиноград облысында ішкі істер басқармасында жедел қызметтерде болды.
09.1992 - 02.1994 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ГУБОПиК Ақмола облысы бойынша ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі.
02.1994 - 02.2016 -Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жедел және басқарушылық қызметінде болған.
03.2013 - 07.2014 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арыстан қызметінің бастығы.
02.2017 - 05.2019 - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ күзет қызметінің бастығы.
06.201 9- 12.2020 - "Uran KZ" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
15.01.2021 жылы партиялық тізімнен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, НПК партиясының мүшесі сайланды. Үйленген және екі баласы бар.
Решетников Сергей Николаевич 1974 жылы 29 наурызда туған. Білімі – жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті, экономикалық факультет, "АШК-дегі экономика және менеджмент".
Еңбек жолын 1991 жылы "Целингидромаш" зауытында 2 разрядтағы механикалық құрастыру жұмыстарының слесарінан бастаған.
1992 жылы Целиноград ҚӘК ҚР әскери күштерінің қатарына шақырылды.
Әскери қызметін Қапшағай-2 қаласындағы Әуе-десант әскерлерінде Десант шабуылдаушы бригадасында өткізген.
1993 жылы ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес Тәжікстан Республикасы, Таулы-Бадахшан автономиялық облысы, Хорог қаласында тәжік-ауған учаскесінде міндеттерін орындаған.
2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VI "Ардагерлер туралы" ҚР Заңының 5-бабы 6-тармағына сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері.
1993 ж. желтоқсан – 1996 ж. наурыз – "Цесна" корпорациясының қауіпсіздік қызметі.
1996 ж. наурыз – 1999 ж. ақпан – ҚР қауіпсіздік органдарында әскери қызмет, (ведомствоны Астана қаласына көшіру бойынша) ҚР ҰҚК жұмыс тобы кезекші комендантының көмекшісі, ғимараттарды басқару бойынша аға техник (ҚР ҰҚК ғимараттарының коменданты).
1999 ж. сәуір – 2016 ж. шілде – ҚР ҰҚК "Арыстан" қызметі.
ҚР ҰҚК "Арыстан" қызметінің лаңкестікке қарсы тактика офицері (1999 - 2003).
ҚР ҰҚК "Арыстан" қызметінің ұрысқа дайындау жөніндегі инструктор (2003 - 2008).
ҚР ҰҚК "Арыстан" қызметінің инструкторлық бөлімше жетекшісі (2003 - 2008).
2004 жылы – Луизиана штаты, Батон-Руж қ-сы (АҚШ) Полиция академиясында білім алу.
2008 жылы – Австрия ІІМ арнайы бөлімшесінің оқу орталығында білім алу (Einsatzkommando Cobra, EKO), Винер Нойштадт қ-сы.
2010 жылы – РФ ФҚҚ Арнайы мақсаттағы орталығының базасында түрлі бағыттардағы тактикалық-арнайы дайындық бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері бойынша білім алу.
Жеке және бірлескен авторлықта бірқатар оқу және әдістемелік оқу құралын дайындап оларды ҚР ҰҚК "Арыстан" қызметінің ұрысқа дайындығына ендірген.
2012 – 2020 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының лекторы, әскерден тыс даярлық кафедрасы, Басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясы лекторы, ҚР Әскери ғылымдар академиясы Қауіпсіздік және арнайы білім беру бағдарламалары институтының лекторы.
"Альфа-А" лаңкестікке қарсы ардагерлердің одағы" ӨҚБ құрылтайшысы, Вице-президент, Нұр-сұлтан қаласындағы өкілдігінің директоры.
2019 жылғы маусым - "URAN KZ" ӨҚБ құрылтайшысы және үйлестірушісі.
Терроризмге қарсы іс-қимылдар мен жедел-ұрыс іс-қимылдарға қатысқаны үшін ведомстволық наградалармен марапатталған.
Отбасылық жағдайы – үйленген, үш баланың әкесі.