Мәжіліс депутаттары Қарсы барлау қызметі туралы заң жобасын мақұлдады

1266

Мәжіліс депутаттары Қарсы барлау қызметі туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қарсы барлау қызметі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Заң жобасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы отырысының хаттамасын орындау үшін әзірленді. Жобада қарсы барлау қызметінің қағидаттары мен міндеттері, ҚР Президентінің осы саладағы өкілеттіктері, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың тізбесі, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ пайдаланылатын негізгі ұғымдар көрсетілген.

"Таныстырылып отырған заң жобасы қарсы барлау қызметінің құқықтық негіздерін заңнамалық деңгейде бекітеді. Сонымен бірге оның негізіне қарсы барлау органдары мен қоғамның өзара іс-қимылының әріптестік моделі ескерілген", – деді заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.

Атап айтқанда, қарсы барлау қызметін жүзеге асыруды регламенттеу мақсатында осы қызметті іске асыру үшін тиісті негіздер, сонымен жүргізілетін қарсы барлау шараларының тізбесі белгіленді. Бұл ретте Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету нысандарындағы және күзет іс-шаралары өтетін аймақтағы қарсы барлау шаралары бірлескен бұйрықпен айқындалған тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметінің келісімі бойынша өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу