Мәжіліс депутаттары масс-медиа туралы заң жобасын жұмысқа алды

507

Депутаттық корпус жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Мәжіліс депутаттары масс-медиа туралы заң жобасын жұмысқа алды Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс масс-медиа туралы және оған ілеспе заң жобасын, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулерді жұмысқа алды.

"Масс-медиа туралы" заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында 3 Кодекске және 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Әлеуметтік мәдени даму комитеті аталған заң жобаларын жұмысқа алуға дайын", - деді депутат Асхат Аймағамбетов.

"Заң жобасы ақпараттық жүйелердің, азаматтардың дербес деректерінің және электрондық үкімет жүйесінде қолданылатын бағдарламаллық қамтылымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді Нұртай Сабильянов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу