Парламент мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға аттанды, деп мәлім етті палатаның баспасөз қызметі.
"Бүгін аймақтарда мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесуі басталды. Парламентарийлер азаматтарға өзінің депутаттық қызметі, мемлекет басшысының "100 нақты қадам" ұлт жоспарында айқындаған тапсырмалардың қалай орындалып жатқаны туралы айтып бермек", – делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.
Мәжілісмендердің 4-13 қаңтар аралығына жоспарланған кездесулері, тек облыс, аудан орталықтарында ғана емес, сондай-ақ шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда да өтеді, делінген баспасөз баянында.
Депутаттар еңбек ұжымдарымен және бұқарамен, аймақтардың активімен жүздесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға бас сұғады, деп атап өтті баспасөз қызметі.