Бүгін мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері елордамызды көгалдандыруға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
"Республикалық экологиялық науқан аясында халық қалаулылары Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік ел мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысындағы жаңа "депутаттық аллеяға" 130-дан астам қарағай, қайың, шаған, терек, жөке және мамыргүл ағаштарын отырғызды", – деді мәжілістің баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу