Мәжіліс депутаттары тергеудегі 14 азаматпен тілдесті

1114

Ата-аналар Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізу барысында жақындарымызға күш көрсетіліп жатыр деп күмәнданады.

Мәжіліс депутаттары тергеудегі 14 азаматпен тілдесті

Жақындарының жағдайына алаңдаған ата-аналар Жамбыл өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келіп, "Ақ жол" ҚДП-ның Жамбыл облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізген Парламент Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Исаға өз өтініштерін айтты.

Баласының досының туған күн кешінен шығып, қайтып келе жатып, қызық көріп, видеоға түсіремін деп күдікті ретінде қамауға алынғанын айтқан Шекер ана депутаттардан ұлының жазасын жеңілдетуге көмек сұрады. Гүлнар Иманалиева есімді тұрғын ұлы Әділ Шәріповты үй қамағында ұстау туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Анасы ІІІ топтағы мүгедектігі бар баласын тергеу изоляторынан босатқанымен, ұстау-тергеу кезінде күш көрсетілді деп шағым айтты.

Әлімжан есімді тұрғынның уайымы үлкен. Себебі ол лақтырып тасталған қаруды қызық көріп, үйіне әкеліп, ауласына тығып қойған екен. Әкесі балам ауыр жаза арқалап кете ме деген қаупі барын айтты. Азат Тұрлыбекұлы өтінішпен қайырылғандарға кеңес беріп, осы мәселелер бойынша Бас прокурорға депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.

"Тергеу изоляторларын аралап шықтық. 6 камераға бардық, біреуінде 10, біреуінде 12 адам жатыр екен. Жалпы 62 азаматтың қазіргі ахуалымен таныстық. Тергеліп жатқан 14 адаммен жеке-жеке сөйлестік. Біразы мемлекеттік қорғаушыларға шағымдары бар екен", – деді Қазыбек Иса.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу