Мәжіліс депутаттарының саны қысқарды

3051

Экс-депутатқа құрмет көрсетілді.

Мәжіліс депутаттарының саны қысқарды Фото: parlam.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестерінің алдында экс-депутатқа осыған дейін атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.

"Сізге барлық әріптестеріміздің атынан мәжілісте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіз өзіңіздің біліміңіз және мол тәжірибеңіздің арқасында алдағы уақытта Атырау облысының дамуына зор үлес қосасыз деп сенім білдіреміз. Жұмысыңыз табысты болсын!" – деді Нұрлан Нығматулин.

Бақытгүл Хаменова филология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты қызметін 2016 жылдың 24 наурызынан бастап атқарған. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу