ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ОСК сайтына сілтеме жасап.
"2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
1. "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
2. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
3. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі";
4. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі;
5. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
6. "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігі;
7. "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігі", - делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.