Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

625

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды Фото: tengrinews.kz

"ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты А. Паяевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

А.Паяев 2021 жылғы қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. "Қазақстан халық партиясының" тізімі бойынша сайланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу