Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қырғыз президенті ат мінгізген ақынды сынға алды

685

Бұл туралы Аманжол Әлтай желідегі парақшасында жазды.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қырғыз президенті ат мінгізген ақынды сынға алды Фото: culture.akipress.org

ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Қырғыз президенті Садыр Жапаровтан арғымақ мінген ақынды сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ. Мәселе бұл жігіттің танымал болмағанында емес. Егер кесек ой айтса, көркем өлең өріп нақышын келтіре сөйлесе, тіленіп ат сұрамаса, тілеуін тілеп тек қуанар едік. Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде  мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді.

Ендігі жерде қырғыз бауырлар екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумдағы ережені сақтауды, біздер ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз.  
Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын. Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын", деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан президенті қазақ ақынына жылқы сыйлағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу