Мәжіліс депутаты: Аралас мектептер ұлттың болашағына зиянын тигізеді

759

Бұл туралы Алматыда өткен "Аралас мектеп қазақты қайда апарады?" атты жиында Мәжіліс депутаты Қазбек Иса айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Мәжіліс депутаты: Аралас мектептер ұлттың болашағына зиянын тигізеді

Депутат қазақтілді мектептерге басымдық берілуі керек екенін тілге тиек ете отырып, Алматы облысы Талғар ауданында жаңадан ашылған білім ордасын ұстаздары мен ата-аналары қарсы болғанына қарамастан, аралас мектеп жасамақшы деп мысалға келтірді. Ал министрлік ата-аналардың өтініші бойынша деп жылы жаба салған. Сондай-ақ депутат қос тілді ұстанатын мектептерде орыс тіліне басымдық берілетінін айтады.

Айта кету керек, Алматы қаласында мемлекеттік мектептердің саны 207 болса, соның 70-і қазақ, 64-і орыс, 3-еуі ұйғыр, ал 70-і аралас. Оған жекеменшік мектептерді қосыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу