Мәжіліс депутаты Асқар Садықов мандатынан айырылып, партиядан шығарылды

927

Ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында пайда болды. 

Мәжіліс депутаты Асқар Садықов мандатынан айырылып, партиядан шығарылды Фото: parlam.kz

Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демократиялық партиясының ұсынуымен мәжіліс депутаты Асқар Садықовты мандатынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 1 қаулысының қабылдануына байланысты Асқар Аманбайұлы Садықовтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы парламенті", – делінген хабарламада.

Ал партия жетекшісі Азат Перуашев өзінің Telegram-арнасында бұл шешімге "А.Садықовтың депутаттық мәртебеге келмейтін әрекеттері негіз болғанын" айтты.

"Бұл шешімге А.Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды", – деп жазды Перуашев.

Айта кетейік, Асқар Садықов 2023 жылы наурызда VIII сайланған мәжілістің депутаты болып сайланды. 2013-2023 жылдары "Ақ жол" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарған. 2014-2023 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының үш шақырылымының депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу