Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың сөзінше, мәжіліс депутаты Азат Сембиновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұған мәжіліс депутатының міндетін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініші негіз болды.
"Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, парламент мәжілісінің депутаты Азат Сембиновтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", – деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов. Ұсынымды палата депутаттары бірауыздан қолдады.
Қанат Махамбет
Фото: daynews.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу