Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясын жұқтырды

1065

Бұл жайында халық қалаулысы өзінің Instagram парақшасында жазды. 

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясын жұқтырды Фото: sputniknews.kz

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында халық қалаулысы өзінің Instagram парақшасында жазды. "Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін" деп жазады Бекболат Тілеухан.

Оның айтуынша, қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. "Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді" деп ескертеді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу