Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлының басы дауға қалды

909

Оның ұлы Әкежан бойжеткенге қол көтерді деп айыпталды. Желіде тиісті видео тарады.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлының басы дауға қалды Фото: vesti.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов осы жайтқа қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.

Желі қолданушыларының бірі Әкежан Тұрлыхановтың оған қол көтергенін мәлімдеді. Оқиға бейнабақылау камераларына түсіп қалған. Жазбадан жігіт пен қыз арасында жанжал болғанын көруге болады. 

"Әкесі ретінде кім баласын жаман болсын дейді. Ол ересек адам. Өздері шешеді", - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Бұл ретте Дәулет Тұрлыханов бұл жаңалықты журналистерден естігенін жеткізді.

"Білген жоқпын", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу