Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі тоқтатылды

649

ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарды.

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі тоқтатылды Фото: parlam.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтің өкілеттігін тоқтату туралы қаулышығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу