Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский қайтыс болды

627

Нұрлан Нығматулин Глеб Щегельскийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.  

Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский қайтыс болды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельскийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

"Глеб Анатольевич Щегельскийдің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды ауыр қайғымен қабылдадым. Ол ерекше адами және кәсіби қасиетке ие, кез-келген нәрсеге мұқият қарайтын өте жауапты және еліміздің нағыз патриоты еді. Глеб Анатольевич Қазақстанның заңнамалық базасын жетілдіруге елеулі үлес қосты. Біз онымен заң жобалары мен түрлі өзекті тақырыптар бойынша жұмыс істеп, көптеген мәселелерді талқыладық. Оның әр мәселеге бар ынта-ықыласымен қарап, өз ісіне барынша адал бола білді. Ол үшін ел мен қоғамның мүдделері бәрінен де жоғары болды. Осы қиын сәтте оның туыстары мен жақындарына бүкіл депутаттық корпустың және жеке өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Сенімді әріптес, пікірлес, Мәжіліс депутаты Глеб Анатольевич Щегельский туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталатын болады, - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

V және VI сайланған Мәжіліс депутаты Глеб Анатольевич Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында кенеттен жүрек талмасынан дүниеден өтті.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу