Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

905

Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағалығына Қанат Мусиннің орнына Арман Қожахметов келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Қанат Мусин таяуда ғана Жоғарғы сот судьясы болып сайланған болатын. Ол Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған. Бұл орын босағаннан кейін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин үміткер ретінде депутат Арман Қожахметовты ұсынды.

"Арман Төлешұлы білікті заңгер. Осы салада көптеген қызметті абыроймен атқарып келе жатыр. Үш шақырылымның депутаты. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып та жұмыс істеді. Осы комитеттің жұмысын жақсы біледі. Тәжірибесі де, білімі жеткілікті. Лайықты кандидатура деп есептеймін", - деді Нұрлан Нығматулин бүгінгі Мәжіліс отырысында.

Депутаттар Мәжіліс спикерінің ұсынысын бір ауыздан қолдап, дауыс берді. Тек дауыс беруде бір адам қалыс қалды. Осылайша, Арман Қожахметов депутаттардың дауысымен Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болып сайланды.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу