Мәжіліс депутаты ҚҚС көтерудің бірнеше зардабын айтты

Бизнестегі алашапқын енді басталады.

Мәжіліс депутаты ҚҚС көтерудің бірнеше зардабын айтты Фото: baq.kz

Депутат Еділ Жаңбыршин қосылған құн салығы шегінің бірден 20 пайызға көбеюі туралы пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол "мұндай шешімді жан-жақты талқылап барып қабылдау керек" деп отыр.

– Бизнес өкілдерімен, ассоциациялармен ақылдасу керек, артық қыламыз деп тыртық қылып алмауды ойлаған жөн. Жан-жақты талдап алып, шешім қабылдау маңызды. Бір жағынан бизнесті өлтіріп алмауымыз керек, екінші жағынан бизнестің ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ету де бар, – деді ол.

Депутат аталған шешімнен соң көлеңкелі бизнес көбейетінін жеткізді.

– Осы мәселелер бойынша бір консенсусқа келуіміз керек, ертең көп бизнес жабылып немесе көлеңкелі бизнеске кетіп қалуы мүмкін. Кейбір бизнес өкілдері өз кәсібін бөлшектеуі де мүмкін, – деп сөзін жалғады халық қалаулысы.

БАҚ өкілдері өз кезегінде Еділ Жаңбыршиннен "Қосылған құн салығы шегін 20%-ға көтеру бастамасын қолдайсыз ба?" деп ашық сұраған. Ол мұның қиын мәселе екенін, кезінде өзі де бизнес болғанын айтқан. Десе де, ҚҚС-ны 12-ден 20-ға бірден көтеру бизнеске қиын соғады деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу