Мәжіліс депутаты Қырғызстан бас тартқан ақшаның қайда жұмсалатынын айтты

935

Мәжіліс депутаты Қырғызстан бас тартқан ақшаның қайда жұмсалатынын айтты

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Қырғызстанның Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жоятыны туралы ресми хабарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

"Бұл қомақты қаржы. Қазіргі заманда 100 миллион доллар аз ақша емес екенін түсінеміз. Қазақстанда бұл қаржыны жаратуға болатын сала мен бағыттар табылатынына мен сенімдімін. Бірінші кезекте, әрине, әлеуметтік сала назарда болуға тиіс. Біздің еліміздің алдында тұрған мақсат-міндеттер көп, сондықтан бұл қаржы елдің игілігіне жұмсалатынына сенім білдіремін", — деді Әшімбаев БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып. 

Ол Қазақстанның көрші мемлекеттің алдында барлық міндетін орындағанын айтып, бұл жағдайды ушықтыра бермеуге шақырды. 

Еске сала кетсек, Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанға Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылған еді. 

Ал Қырғызстан бұл көмектен бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу