Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованы осыдан үш апта бұрын Алматыда тонап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жәбірленуші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына: "Мені жақында Алматыда тонап кетті. Қайта онда құнды дүние болған жоқ. Құжаттарым өзіммен бірген жүретін кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полицияны шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне мен де сенбеймін. Алайда, жанымдағылар полиция шақыру керек деп кеңес берді. Тәртіп сақшылары тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі мені есеңгіретіп тастады: "Несіне уайымдайсыз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Не істе дейсіз енді?", деп бетіме қарап тұрды", – деп жазды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі, 5 қаңтар күні депутат Ирина Смирнова көлігінің тоналғаны туралы арыз түсіргенін айтты. Аталған жәйтке байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр, тіпті тергеу тобы да құрылған екен.