Мұғалім болып жұмысқа тұруға 1,5 млн теңге пара сұрайды

1462

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Дәулет Мұқаев Қызылорда облысы мен Шымкенттен келетін шағымдардың мазмұнына тоқталды.  

Мұғалім болып жұмысқа тұруға 1,5 млн теңге пара сұрайды Фото: parlam.kz

"Жемқорлық барлық салада кездеседі. Бала дүние келгеннен бастап қайтыс болғанға дейін. Сөздің ашығы керек. Құдай сақтасын, адам өлсе, Алматыдағы таудың маңайы, Кеңсай зиратының маңайы… Одан кейін бала дүниеге келетін кезде жақсы дәрігер, перзентхана керек деп тағы іздейді. Одан кейін балабақша, мектеп кетеді. Бала университетке түседі. Осыдан соң үйленіп, отбасылы болады. Осы кезде оларға үй керек. Оны алу үшін үйдің кезегіне тұру қажет. Жұмысқа орналасады. Осы саланың бәрінде - жемқорлық. Әсіресе, маған Қызылорда облысы, Шымкент қаласынан (тұрғындар) көп хат жазады. Мысалы, жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды екен. Мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 млн теңге болып кеткен", - деді депутат.

Комитет отырысын қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов халықтан жемқорлық фактісі бойынша келетін шағымдардың қалай қаралатынын түсіндірді.

"Сіз 1424 деп айтып жатырсыз. 1424 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Онда қылмыс жайлы мәлімет болса, материал тіркеледі… Біз осы мәселе бойынша әр салада күн сайын қабылдау жүргіземіз. Жұмыс істеп жатырмыз. Анонимді факті болса, ондай жағдайда (деректі) талдауға аламыз. Мұны кім айтты, дерек қайда тіркелді, қай мемлекеттік орган, ол мектеп пе, балабақша ма? Оны анықтауға болады. Алайда қылмыстық іс қозғау үшін арызданушы болуы керек", - деді Саян Ахметжанов.

Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысының толық нұсқасын төмендегі видеодан көруге болады. Депутат Дәулет Мұқаев көптің базынасын 1:02:08 секундтан бастап айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу