Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды

359

Бұл туралы бүгін белгілі болды. 

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Sadaq aty республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясына президент болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Федерацияның ақпаратына сүйенсек, 2023 жылдан бастап Sadaq aty республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті лауазымын атқарған Айдос Мұқатаев қызметтен кетті.

"Нартай Аралбайұлы, спорт федерациясының президенті лауазымына тағайындалуыңызбен шынайы ықыласпен құттықтаймыз! Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз – еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне нық сенім білдіреміз. Қоғам игілігі жолындағы бұл аса жауапты миссияңызда қажымас қайрат, салиқалы шешімдер, биік жетістіктер мен толымды табыстар тілейміз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу