Мәжіліс депутаты салафиттерден кейін енді тәңіршілерді тексеру керектігін айтты

909

Біздің ата-бабамыздың ұстаған діні – ислам.

Мәжіліс депутаты салафиттерден кейін енді тәңіршілерді тексеру керектігін айтты Фото: baq.kz

Депутат Еділ Жаңбыршин ата-бабамыздың ұстаған діні – ислам екенін еске сала отырып, елімізде тәңіршілдікті дін ретінде мойындауды талап ететін петиция жарияланғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Тәңіршілдік деген дін емес. Біздің ата-бабамыздың ұстаған діні – ислам. Сондықтан бұлар адасушылар болуы мүмкін. Дұрыстап оқысын, зерттесін. Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім, Абайлар адаспаған шығар деп ойлаймын", - дейді Еділ Жаңбыршин.

Ол өзінің ислам дінін ұстанатынын айтты. Алайда діни сенімді таңдау әр адамның өз құқығы екенін жеткізді.

"Әркім өз зерттеулерінің, ізденісінің, сенімдерінің нәтижесінде дінді өзі таңдайды. Ең бастысы дін терроризм мен экстремизмнің құралы болмауға тиіс. Дінді саяси құралға айналдыруға болмайды. Ол қоғамда дау тудырмауы керек. Егер мұндай белгілер болса, онда бұл дін емес. Бізде тиісті мемлекеттік органдар бар. Олар петиция мен ұсыныстарға өздері жауап беріп, қарастырады", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу