Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды

335

Жақында Мәди Тәкиев Қаржы министрі болып тағайындалды. 

Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды Фото: akorda.kz

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Мәди Тәкиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 ақпандағы Жарлығымен ҚР Мәжіліс депутаты Мәди Такиев Қаржы министрі болып тағайындалды. Осыған орай ҚР ОСК сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына, “ҚР Парламентінің және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заңының 24-бабының 3 және  8 тармақтарына сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Такиевтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр”, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу