Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Еуропа Қайта Құру және даму банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахараның оңтүстігіне қарай Африка елдеріне және Иракқа шектеулі және біртіндеп таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау туралы" Заңы қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Еуропа Қайта Құру және даму банкінің құрамында қазір 72 ел мен 2 ұйым бар, сондықтан ол халықаралық қаржы ұйымы саналады. Банктің негізгі қызметі – өтпелі экономикасы бар елдерді қолдауға және дамытуға бағытталған. Аталған банк Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдері мен Ирак мемлекетінде банк операцияларын кеңейту туралы бастамасын көтерді. Тиісті түзетулер банктің басқарушылар кеңесінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №259 қаулысымен қабылданды. Аталған келісімнің 1-бабына тиісті түзетулердің енгізілуі банкке мүше мемлекеттердің және банк қызметін алушы елдердің экономикалық саладағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге арналған", - деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.
Министр Қазақстан Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің тең құрылтайшысы болғандықтан, еліміздің осы қаржы ұйымындағы үлесі бар екенін атап өтті.
Мәжіліс, Еуропа даму банкі, заң жобасы, құжат