Бүгін парламент мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы қаржы министрі лауазымына тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
"Комитет отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының премьер-министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымын атқарған.