Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы реадмиссия келісімін мақұлдады

603

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы реадмиссия келісімін мақұлдады

Мәжілістің пленарлы отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Қазақстан үкіметі мен Қырғызстан үкіметі арасындағы реадмиссия келісімін жүзеге асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы мен Қазақстан үкіметі мен Қырғызстан үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Келісім мен хаттама өзара келісіп отырған мемлекет азаматтарының, үшінші мемлекет азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуді қарастырады. Бұл санатқа ел аумағынан заңсыз шыққан немесе заңды түрде өтсе де тұру мерзімі аяқталған тұлғалар жатқызылады", – дейді Қалмұханбет Қасымов.

Сонымен қатар, келісімді ратификациялау заңсыз миграцияны болдырмайды.

"Заңды қабылдау жағымсыз әлеуметтік экономикалық, құқықтық салдарды болдырмайды және қосымша шығынды қажет етпейді. Сонымен қатар, реадмиссияға сұрау түскенде "Бүркіт" ақпараттық жүйесі арқылы тұлғаның есепте тұрған тұрмағанын анықтайды және егер есепте тұрған болса, оны шығару үшін басқа заңдар қолданылады", – дейді Қалмұханбет Қасымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу