Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауданы дамытуға арналған құжатты қарайды

179

Аталған келісімге 2023 жылғы 9 қарашада Ташкент қаласында қол қойылды. 

Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауданы дамытуға арналған құжатты қарайды Фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің қарауына "Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған келісімге 2023 жылғы 9 қарашада Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімді ратификациялау екіжақты экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған. Оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік кооперациясының дамуына, сауда айналымының өсуіне, инвестициялар көлемінің ұлғаюына тың серпін береді", - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында.

Оның айтуынша, аталған құжат екі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыруға ықпал етеді.

"Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті аталған заң жобасы бойынша тиісті мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу