Қазақстанның Парламент Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырысында "Салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші, соңғы оқылымда мақұлдады, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
"Заң жобасы салық саясатын жетілдіру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, елде қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру мақсатында әзірленіп жасалды", делінеді Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің қорытындысында. Жалпы құжатта қосымша құн салығы бойынша есепке алу мақсатында 2017 жылдан бастап 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен 15 АЕК-ке дейін азайта отырып, қолданыстағы ең төменгі шектік мән – 30 мың АЕК-ті сақтап қалуды көздейді.