Мәжілістің жалпы отырысында "Республиканың кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады.
Құжатты әріптестеріне таныстырған Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанның айтуынша, қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын реттейтін жаңа заң 2019 жылдың 18 наурызында қабылданған. Дегенмен, құқық қолдану тәжірибесі бірқатар проблемаларды анықтады және осыған байланысты жаңа түзетулер енгізілді.
"Заңнамалық деңгейде уәкілетті орган – Индустрия және құрылыс министрлігіне оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды залалсыздандыру объектілерінде өндірістік қызметті ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту функциясын беру ұсынылып отыр", - деді депутат.
Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді жеңілдету және жеделдету мақсатында құжатта қазақстандық күш құрылымдарына қажетті бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді мемлекеттік сатып алу арқылы алу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлады депутат.
Бұл ретте қозғалтқыштар сияқты маңызды бөлшектерге қатысты барлық мәселелер Индустрия және құрылыс министрлігінің құзырында.
Заңның қолданыстағы нормалары шарттың орындалу мерзімін өзгертуге мүмкіндік бермейді. "Сондықтан біз форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда шартты орындау мерзімін өзгерту мүмкіндігін қарастыруды ұсындық. Бұны әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары қолдады", – деді депутат.