Мәжіліс күзде жасанды интеллект бойынша парламенттік тыңдау өткізеді

320

Ерлан Қошанов тиісті бастаманы қолдады.  

Мәжіліс күзде жасанды интеллект бойынша парламенттік тыңдау өткізеді Фото: Depositphotos.com

Мәжіліс күзде жасанды интеллектті дамыту мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәрсенбі өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева жасанды интеллект мәселесін көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Мәжіліс спикері осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

– Бұл шынымен де маңызды тақырып. Мемлекет басшысы жасанды интеллектті дамытуға қатысты жұмыстарды жеке өзі бақылап отырады. Парламент те өз үлесін қосты, жасанды интеллект туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Күзде бұл бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз. Парламенттік тыңдау өткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Оны қыркүйектің екінші жартысында ұйымдастыруға болады деп ойлаймын", – деді Ерлан Қошанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу