Мәжіліс мәдениет мәселелері туралы заң жобасының тұжырымдамасын қабылдады

878

Мәжіліс мәдениет мәселелері туралы заң жобасының тұжырымдамасын қабылдады

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері жөнінде өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" заң тұжырымдамасын депутаттар мәжіліс отырысының екінші оқылымында қабылдады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері жөнінде өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" заң жобасын мәжілісмен Бекболат Тілеухан түсіндірді.

Оның айтуынша, бұл заң жобасы мәдениет саласындағы қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға бағытталған.

"Бұл заң жобасы мәдениет саласындағы жергілікті органдар мен грант тағайындаудың өзін-өзі басқару мекемелеріне музей жәдігерлері мен асыл тастарға, бұйымдарға сараптама жүргізу құқығы мен Мемлекеттік музей қорына енгізу құқығын беру шешімі үшін бағытталды", – дейді депутат.

Бекболат Тілеуханның айтуынша, заң жобасы 2 Кодекс пен 6 заңға өзгерту енгізуді қарастырады.

Жұмыс тобына 200 өзгерту енгізу қарастырылған, қорытынды салыстыру кестесі 118 ұстанымнан тұрады.

Сондай-ақ депутаттр заң техникасы бойынша заңның мағынасын арттыру үшін редакциялық өзгерту енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу