Мәжіліс офлайн форматқа көшті

705

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы онлайн емес, офлайн форматта өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжіліс офлайн форматқа көшті

Осыған қатысты Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеме жасады. 

"Баршаңыз жақсы білесіздер, індетке байланысты соңғы бір жарым жыл ішінде бұқаралық ақпарат өкілдері парламенттің, үкіметтің шараларына қатыса алмады. Бүгінгі отырыс соңғы бір жарым жыл ішінде журналистердің мәжілістің жалпы отырысына бірінші рет қатысуымен ерекшеленіп отыр. Әрине, бұл жақсы жағдай, себебі біз үшін де, БАҚ өкілдері үшін де офлайн жұмыс өте қажет әрі маңызды", – деді Нұрлан Нығматулин. 

Мәжіліс төрағасы жалпы отырыстан кейін журналистердің заң жобалары бойынша депутаттарға, министрлерлерге сонымен қатар мемлекеттік органдардың басшыларына сұрақ қою тәжірибесі жалғасатынын жариялады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу