Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау: бірқатар мемлекеттерде дауыс беру басталды

62 елде 77 сайлау учаскесі құрылды.  

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау: бірқатар мемлекеттерде дауыс беру басталды Фото: PressMFAKZ

Бүгін, 19 наурыз Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.  

Жапония мен Оңтүстік Корея астаналарында тұратын қазақстандықтар сайлауда бірінші болып дауыс береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кететіні, 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

Сонымен, Астана уақытымен 04:00 және жергілікті уақыт бойынша 07:00-де Жапония мен Оңтүстік Корея астаналарында сайлау учаскелері ашылды.

Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі, сондай-ақ Гонконгтағы, Шанхайдағы Бас консулдығындағы сайлау учаскелеріне осы қалаларда тұратын қазақстандықтар Астана уақыты бойынша сағат 5:00-ден бастап келе алады.

Таиланд астанасы - Бангкокта учаске сағат 06:00-де ашылады.

АҚШ-тағы Қазақстан азаматтары соңғы болып дауыс береді.

Белсенді сайлау құқығы бар, басқа мемлекетте жеке, ресми, білім беру, іскерлік және туристік мақсатта тұратын Қазақстан азаматтары дауыс беруге қатысатынын атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу