Мәжіліс сайлауы: ОСК Respublica партиясы ұсынған тізімнен тағы 2 адамды алып тастады

666

Respublica партиясы 25 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды.  

Мәжіліс сайлауы: ОСК Respublica партиясы ұсынған тізімнен тағы 2 адамды алып тастады Фото: zakon.kz

Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған тізімінен тағы екі адамды шығарды, деп хабарлайды 

"Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясында екі кандидаттан оларды осы партияның партиялық тізімінен өз еркімен шығару туралы өтініші ресми түрде тіркелді. Дархан Серікұлы Иманашевтің 10 ақпандағы және Олжас Абазұлы Сұлтановтың 11 ақпандағы өтініші ҚР Орталық сайлау комиссиясына 14 ақпанда келіп түсті. "Сайлау" туралы ҚР Конституциялық заңының 90-бабының 1-тармағына сәйкес, Respublica партиясы қоғамдық берлестігінің партиялық тізімінен олардың өтінішімен Дархан Серікұлы Иманашевті, Олжас Абазұлы Сұлтановты шығару бойынша ОСК өз құзызреті шеңберінде тиісті шешімдер жобасын дайындады", - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу