Мәжіліс сайлауына биылғы бюджеттен ақша қарастырылмаған - Министр

450

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына биылғы бюджеттен ақша қарастырылмаған. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. 

Мәжіліс сайлауына биылғы бюджеттен ақша қарастырылмаған - Министр

Саяси науқанның өтетінін Тоқаев былтыр күзде жариялағанымен, Үкімет тиісті қаражатты әлі бөлмепті. Министрдің сөзінше аталған мәселе наурыз айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде көтеріледі.  Ал үлгермеген жағдайда сайлауға ақша Үкімет резервінен бөлінеді.

Еске салайық,  күзде қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева Атамекен бизнеске берген сұхбатында екі сайлауға  45 млрд теңге қажет екенін айтқан болатын.  Оның 20 млрд. теңгесі Президент сайлауына жұмсалса, Парламент сайлауына 25 млрд теңге бағыттау көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу