Мәжіліс сайлауында 12 млн қазақстандық дауыс бере алады

438

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 12 млн-ға жуық қазақстандық таңдау жасауға құқылы.  

Мәжіліс сайлауында 12 млн қазақстандық дауыс бере алады

Сайлаушылардың ең көбі, яғни, 1 млн 177 мыңы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 мың сайлаушы Ұлытауда тіркелді. Аумақтық сайлау комиссиясындағылар 17 ақпанға дейін жергілікті дауыс берушілердің нақты тізімін жасақтайды. Осы аралықта дауыс беруге тіркелген жері бойынша келе алмайтын әр азамат әкімдікке өтініш беріп, өзіне ыңғайлы учаскеге тіркеле алады. Өтініш түскеннен кейін әкімдік тіркелген жері бойынша тізімнен шығарып, оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізеді. 

"Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша еніп-енбегеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе колл-орталығы арқылы тексеруге болады. 2023 жылғы 4 наурыздан бастап сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі беріледі", дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу