Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

1005

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағалығынан кетіп, өз орынына Ерлан Қошановты ұсынды.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

"Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат", – деді Президент.

Ұсынысты партия мүшелері бір ауыздан қолдады. Дауыс беру рәсімінде қалыс қалғандар болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу