Мәжіліс спикері Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

503

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.  

Мәжіліс спикері Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті Фото: parlam.kz

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін, Мәжіліс төрағасының Ресейге ресми сапарына дайындық барысын, сондай-ақ Қазақстан депутаттарының Ресей Федерациясындағы Президент сайлауын бақылауға қатысуын талқылады, деп жазады inbusiness.kz.

Ерлан Қошанов Ресей мен Қазақстан тату көрші әрі одақтастық туралы шартты негізге ала отырып, ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

"Мемлекет басшылары біздің түрлі саладағы өзара байланысымыздың жоғары қарқынын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өңіраралық ынтымақтастық форумдары тұрақты түрде өткізіліп, нәтижесінде маңызды экономикалық жобалар қолға алынуда. Біздің елдер арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді және 70 пайыз өңірлер арасындағы тікелей сауда арқылы қамтамасыз етіліп отыр", – деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде Елші Алексей Бородавкин Қазақстанмен қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда дамып келе жатқан кең ауқымдағы ынтымақтастыққа Ресей үлкен көңіл бөлетінін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастық аясында дамытуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу