Бұдан бір күн бұрын ғана Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев ол базарда "бұзылмаған заң қалмағанын" айтқан болатын.
"Ең біріншіден, Алматыдағы "Алтын орда" базары туралы айтқан Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың сұхбатын көрген жоқпын. Алтын орда базарына қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Меніңше, әділетті шешім шығады. Күту керек. Менің ойымша, қазір дербес құқығы бар, "қол сұқпау" қақына ие ешкім жоқ. Сол себепті базардың бастығы немесе жетекшісі болсын, қылмыс жасаса, ол тиісті жазасын алады", – деді Ерлан Қошанов.
Журналистер "Болат Назарбаевтың қашып кеткені рас па?" деп сұрады.
"Менде ондай ақпарат жоқ", – деп жауап берді Қошанов.
"Егер оның қылмысы болса, жазаға тартылады. Қылмысы болмаса жазаға тартылмайды. Біз құқықтық мемлекетпіз ғой", – деп үстеді мәжіліс спикері.
Тасқын Болатұлы