Ол Парламенттің төменгі палатасының биыл көптеген заңнамалық жұмыс атқарғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Ең алдымен, тарихи деп атауға болатын конституциялық түзетулер блогы қабылданды. Біз Мемлекет басшысының ауқымды бастамаларына уақытылы және сапалы заңнамалық қолдау көрсеттік. Әлеуметтік маңызы зор бірқатар заң қабылданды. Жалпы биыл Мәжіліс жұмысында 154 заң жобасы болды. 93 заң жобасы қаралып, Сенатқа жолданды, оның 75-іне Президент қол қойды", – деді Спикер.
Сондай-ақ Ерлан Қошанов жаңа жылдан бастап Палатаның жаңа конституциялық шарттар бойынша жұмыс істейтінін және бұдан былай заңдар қабылдайтынын атап өтті.
"Сондай-ақ 2023 жылы Мәжіліс сайлауы өтеді", – деді Палата төрағасы.