Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннен басқа кандидат ұсынылған жоқ

1078

VII шақырылымдағы Мәжілістің алғашқы жалпы отырысында депутаттар Палата Төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. 

Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннен басқа кандидат ұсынылған жоқ

VII шақырылымдағы Парламенті Мәжілісінің алғашқы пленарлық отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ҚР Конституциясына сәйкес, Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынатынын, өз араларынан мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутат төраға бола алатынын айта келе, сөзді Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбайға берді. Ол жалпы пленарлық отырыста Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды.

"14 қаңтар күні Nur Otan партиясы фракциясының отырысы өтіп, онда Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев фракцияға Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Мәжіліс төрағасы қызметіне қолдауды ұсынды. Мәжіліс депутаттары бұл кандидатураны бір ауыздан қолдады. Өйткені бұған дейін де Нұрлан Нығматуллин білігімен, еңбекқорлығымен, талапшылдығымен алдында тұрған міндет үдесінен шыға білді. Ол бүгінгі көппартиялық партиямызда барлық партиямен жұмыс істей алатынына VI шақырылым депуттары  - біз де куә болдық. Оның кәсібилігін, мемлекеттік саясатты тиімді жүргізе алатынын онлайн трансациялар мен көрсетілімдер арқылы бүкіл қазақстандық көріп, біліп отырды. Сондықтан Нұрлан Нығматулинді Мәжіліске төраға болуға лайық тұлға деп санаймыз", –  деді Д.Мыңбай.

Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы қызметіне басқа кандидаттар ұсынылған жоқ. Ал депутаттар кадидатты жасырын дауыс беру арқылы сайлап жатыр.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу