Мәжіліс төрағасы жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

868

Мәжіліс төрағасы жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Жетісу жеріндегі жұмысы сапарының бірінші күнін Іле ауданындағы "Aluminum of Kazakhstan" ЖШС ұжымымен кездесуден бастады.

"Индустриялық-инновациялық даму" бағдарламасы аясында ашылған зауыт бүгінгі таңда "HOFFMANN Aluminium" сауда белгісімен алюминий профильдерін өндіреді.

"Зауыт 1000-нан аса әртүр­лі алюминий профилін еуро­па­лық талапқа сай шығара­ды. Олар терезе-есік, жиһаз, офис құрылғыларын жасауға қолданылуда. Қазіргі зауыттың жобалық қуаты жы­лына - 12 000 тонна, алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсеміз", – деп таныстырды "Aluminum of Kazakhstan" ЖШС-нің директоры Нұрсұлтан Жұмабеков.

Келесі күні Нұрлан Нығматуллин Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы "Хильниченко және К" сенім серіктестігінің жұмыс барысымен танысты.

"Біз Елбасының ауылшаруашылығы саласын өркендетуге, соның ішінде қант қызылшасын дамытуға байланысты берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып саланы өрістетуге күш салудамыз. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылды жақсы табыстармен аяқтап, өткен жылы тәтті түбірдің гектар берекелілігін 700 центнерге дейін жеткіздік. Биылғы жоспарда ауқымды, дайындық та мығым", – дейді сенім серіктестігінің төрағасы Виктор Хильниченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу