Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына қатысты құжатты талқылайды

125

Парламент Мәжілісінің қарауына "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына қатысты құжатты талқылайды Фото: CIM

"Аталған хаттамаға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары 2022 жылғы 11 қарашада Самарқанда өткен саммитте қол қойды. Хаттама 2009 жылы жасалған "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне" өзгерістер енгізеді. Ол Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін Түркі мемлекеттері ұйымына айналдыруды бекітеді. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", – деді депутат Айгүл Құспан Мәжілістің жалпы отырысында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу