Мәжіліс түзетулер енгізілген "Ұлттық қордан – балаларға" заңын қабылдады

485

Депутаттар Сенат ұсынған түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді деп отыр. 

Мәжіліс түзетулер енгізілген "Ұлттық қордан – балаларға" заңын қабылдады Фото: «Астана» телеарнасы

Мәжіліс Сенаттың Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті, деп жазады inbusiness.kz.

Белгілі болғандай, құжатқа барлығы 10 түзету енгізілген.

"Заң жобасы Мәжіліске осы жылдың 23 мамырында енгізілді. Оған бастамашы болған ҚР Парламентінің депутаттары. Заң жобасының негізгі мақсаттары – кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау. 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына жіберілген болатын", - деді Берік Бейсенғалиев.

Сенат 13 қазанда құжатты Парламенттің төменгі палатасына қайтарды.

"Заңға 10 түзету енгізілді, оның ішінде: редакциялық-нақтылау сипатындағы 5 түзету, Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес келтіруді көздейтін заңдық сипаттағы 5 түзету. Атап айтқанда, мақсатты жинақтарда бірыңғай зейнетақы қорындағы шоттарға аудара отырып, екінші деңгейлі банктерде, ұлттық пошта операторында ашылған банк шотына аударуды реттейтін нормалардағы долларды теңгеге айырбастау аудару мүмкін емес аудару кезінде деп өзгертілді", - деді депутат.

Айта кету керек, осыған дейін Сенат "Ұлттық қордан балаларға төленетін қаражат туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу