Мәжіліс ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заңды қабылдады

223

Заң жобасының мақсаты - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Мәжіліс ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заңды қабылдады Фото: parlam.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда қаралып, талқылаудан кейін мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты талқылау барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының және жергілікті атқарушы органдардың экстремизмнің алдын алуды үйлестіру әрі ұйымдастыру жөніндегі құзыретін кеңейту ұсынылады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын күшейту мақсатында депутаттар мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметте жоқ адамдар үшін мемлекеттік құпияларға рұқсат берудің бірыңғай талаптарын белгілейтін нормаларды енгізді.

Сонымен қатар, депутаттар құқықтық олқылықтарды жоюға және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде органдар қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған нормаларды дайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу