Мәжіліс заңды қабылдады: Елімізде ЖИ-дің ұлттық платформасы құрылады

184

Жаңа құқықтық ұғымдар пайда болды.

Мәжіліс заңды қабылдады: Елімізде ЖИ-дің ұлттық платформасы құрылады Фото: canva

Мәжіліс "Жасанды интеллект туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
  
Заң арқылы алғаш рет жасанды интеллект, модель, жүйе, деректер кітапханасы, синтетикалық нәтиже сынды жаңа құқықтық ұғымдар орнықтырылып отыр.
 
"Жасанды интеллект туралы" заң құқықтық және ұйымдастырушылық реттеу ісін белгілеп, ЖИ саласындағы ашықтық пен қауіпсіздікті, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың технологияларды пайдалану ерекшеліктерін қамтамасыз етеді және осы саладағы саясатты қалыптастырудағы Үкіметтің өкілеттігі аясын кеңейтеді.

"Заң жобасында жасанды интеллектті пайдаланудың негізгі этикалық қағидаттары бекітілген. Олардың ішінде адам құқықтарының басымдығы, жұмыстың қауіпсіздігі мен ашықтығы бар. Жасанды интеллект құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылмайды. Адам барлық шешімдерге жауапты болып қала береді. Жасанды интеллектті әзірлеу және енгізу үшін Ұлттық платформа құрылады. Ол деректер кітапханаларына, жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу және пайдалану ортасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді", – деді Екатерина Смышляева.

Заң жобасы әзірлеушілердің есептеу инфрақұрылымына, соның ішінде суперкомпьютерлерге қол жеткізу тәртібін анықтайды.

"Деректер – жасанды интеллект үшін негізгі отын.  Оның жұмысының нәтижесі деректердің сапасына байланысты. Сондықтан заңда деректер кітапханаларына қойылатын талаптар және оларды өндірушілердің міндеттері қарастырылған. Барлық деректер кітапханаларында Өндіруші туралы ақпарат болуы керек.  Өндіруші олардың сапасына жауап береді. Бұл ретте кітапхана иелері олардың заңды қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті", – деді депутат.

Заң жобасы жасанды интеллект жүйелерін пайдалану кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады. 

Пайдаланушылар:
- жүйенің жұмысы туралы ақпарат алуға;
-егер бұл заң бойынша міндетті болмаса, жасанды интеллектпен байланыстан бас тартуға;
- шешімдерді қайта қарауды және түсіндіруді талап етуге құқылы.

Келесі функциялары бар жүйелерге тыйым салынады:
- адамдардың мінез-құлқын басқару;
- адамның эмоциясын қолдану; 
- әлеуметтік бағалау жүргізу;
- дербес деректерді келісімсіз жинау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу