Мәжіліс жалған тауар белгілері туралы келісімді ратификациялады

492

Құжат ТМД елдері арасындағы тауарларды реттеуге бағытталған.

Мәжіліс жалған тауар белгілері туралы келісімді ратификациялады Фото: Depositphotos

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиевтің айтуынша, тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштердің ұлттық және шетелдік иелерінің құқықтарын тиімді қорғау мен сақтауды қамтамасыз етудің маңызы зор. 

ТМД елдері 2021 жылдың мамырында қол қойған тиісті келісім осыған бағытталған. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар құжатты ратификациялады.

"Келісімді қабылдау дер кезінде қолға алынған әрі қажетті шара. Өйткені ол мемлекеттерге жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру және өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ ТМД елдерінің кедендік шекаралары арқылы жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өткізу мәселелерінде тығыз ынтымақтастық жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Қайрат Балабиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу