Мәжіліс депутаттары 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті 15 қарашаға дейін қарап бекітеді. Бұл турасында қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрайымы Гүлжан Қарағұсова құлағдар етті.
Бүгін мәжілісмендер жаңа үш жылдық бюджет пен Ұлттық қор туралы заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізді. Оның алғашқысы Ұлттық қордан бюджетке бөлінетін трансферт көлемін біртіндеп азайту. Мәселен 2018 жылы трансферт көлемі 2,6 трлн теңге болса, 2020 жылы 2 трлн теңгеге дейін төмендейді. Жалпы, республикалық бюджетке қатысты түзетулер 15-ші қарашаға дейін дайын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу